АҚШ -та өткен «The world’s best» жобасына қатысқан қазақстандық әнші Данэлия Тулешова өзінің әлеуметтік парақшасында танымал өнерпаз Димаш Құдайбергенге алғыс айтты.
Ол өзінің инстаграм парақшасында:
» Міне «The world’s best» жобасы да бітті. Димаштың адамгершілігіне тәнтімін. Бүткіл әлем оның шынайы әрекетін лайықты бағалайды деп үміттенем. Нағыз ер азаматқа лайықты әрекет! Сіз әртіс үшін ең маңыздысы шығармашылық екенін дәлелдедіңіз. Өзің ән арнайтын адамдар мен сахнаға ештеңе тең келмейді. Ол расымен де солай. Кремльде өтетін сіздің концертіңізде кездесуімізді асыға күтем. Мен үшін бұл шоу өмірімдегі кезекті баспалдақ. Мен көп нәрсені үйреніп, көп нәрсені түсіндім. Сондай-ақ керемет пионист және жақсы адам Лидиан Радхасварамды шын жүректен құттықтаймын», -деді Д. Туешова.
Ал Димаш болса:
«Данелек, сен керемет ақылдысың, сені мақтан тұтамын. Бәрінен мықтысың!»- деп пікір білдіріпті.
Аталған жобаға қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешова қатысқаны белгілі. Шоу бағдарламада Димаш өзімен бірге жобаға қатысып жатқан бүлдіршіндерге жол беріп, жобадан өз еркімен шығып кетен.
Финалда екі кішкентай таланттар, қазақстандық жас әнші Даэлия Тулешова мен пионист Лидиан Радхасварам қалған еді, Даэлия Лидианнан аз дауыс жинап, ұтылып қалды. Сөйтіп, Лидиан Радхасварам жобаның бас жүлдесі 1 000 000$ иеленді.