04-05-18 |
40920 рет қаралған
Ұйғырша рухани жаңғыру: Қазақстанда ұйғырша жер-су аттары бар екен!.
Ұйғырша рухани жаңғыру: Қазақстанда ұйғырша жер-су аттары бар екен!

Алматы облысына қарасты Байсейіт, Малаводное ауылдары ұйғыр халқының белгілі перзенттерінінің құрметі қойылған.

фото - zhasalash.kz
фото – zhasalash.kz

Апталық басылым 19-сәуір күнгі №16 нөмірінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұйғырша жер-су аттары хақында» (Уйғурчә йер-су намлири һәққиндә) атты мақала жариялаған. Мақала авторы Абдуллажан САМСАҚОВ Байсейіт ауылы ұйғырдың классик ақыны Сейіт Мұхаммед Қашиннің құрметіне қойылған деп жазады.

фото - zhasalash.kz
фото – zhasalash.kz

Байсейіт — құлжа жолына орналасқан елді мекен. Сонымен бірге ұйғырдың классиік ақыны Сейіт Мұхаммед Қашиннің құрметіне солай аталған. Ақын өмірінің соңғы жыларын осы жерде өткізген. Байсейіт ауылындағы мәдениет үйінің алдына ақынның құрметіне ескерткіш орнатылған.

Уйғур авази газеті, «Уйғурчә йер-су намлири һәққиндә»

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарайтын Маловодное 2014 жылдан бері Бәйдібек би ауылы болып аталады. Бұл елді мекен 1871 жылы құрылған. Газеттегі мәліметке сенсек ауылдың  байырғы атауы «Моллавдун» екен.

фото - zhasalash.kz
фото – zhasalash.kz

Малаводное — құлжа жолына орналасқан ауыл. Алматы қаласынан 50 шақырым қашықтықта. «Малаводние» сөзі суы аз деген мағынаны білдіреді. Шын мәнінде бұл жер жер асты және жер үсті суларына өте бай болып, орысша атауына сай емес. Бұрын бұл ауыл Молла Авдун есімді ақсақалдың құрметіне «Моллавдун» деп аталған. Моллаудун кейіндеп орысшаға — Маловодниға өзгеріп кеткен.

Уйғур авази газеті, «Уйғурчә йер-су намлири һәққиндә»

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.