Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бірсұмдық сөз айтты. Тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Ресейден бөлек сыртқы саясат жүргізу үшін әуелі Кремль мақұл деуі керек екен-мыс. Лавров сөйдеді.
«Ресей – мүмкіндіктер мекені» атты форумда көсемсіп сөйлеген Кремльдің шенеунігі сала-құлаш сөз айтып, Ресейдің әуелгі амбициясын тағы бір байқатты.
Сол форумда залда отырған біреу бейсауат сұрақ қойыпты. Сондағы сұрағы: «егер Қазақстан АҚШ-пен арада визаны алып тастайтын болса, Ресей бұған қалай қарайды?».
«Шынымды айтсам, мен сізді алдамай-ақ, қояйын, мен бұл туралы білмейді екенмін. Мен ертең Астанада боламын. Әріптесім, досым Қайратпен (Қайрат Әбдрахманов – ҚР Сыртқы істер министрі) бұл жайында сөйлесемін. Өйткені, мұндай мәселе міндетті түрде келісім жасасуды талап етеді. Еуразиялық экономикалық одақ аясында да емін-еркін жүріп-тұру қарастырылған», – депті. Бұл Лавровтың сөзі.
Жалпы Лавровтың лепіріп сөйлеуі, бүгінде халқының 27 пайызы күресін кезген, экономикасы шатқаяқтап, Сыртқы саясатта сүйкімі кеткен Ресейдің біртышары бар екенін көрсетіп қалу болса керек.
Күні кеше ғана Астана Орталық Азиядағы бес Мемлекеттің басын қосып, жиын өткізді. Өзбекстанның екінші президенті Мирзияев ұсыныс айтып, бестік құрам Астанада жиылды. Әшейінде мұндай жиындардан қалмайтын Ресей бұл жолы шақырылған жоқ. Дегенмен РФ-ның дезинформатор армиясы кешегі күнді бақылауда ұстады.
«Армия» демекші, қазір Ресейдің сенетіні сол әскери әлеует қана. Өндіріс мүлдем құрып, инфрақұрылым тұралап қалған. Экономикасы анау санкцияның төпесінен кейін тұра алмай тырайып жатыр. Сондықтан, Путиннің өзі жолдауында тек қана әскери күш жайлы айтып, «біздің әскери күшіміз әлемде теңдессіз» деп сөйледі. Ресейдің сенетіні жалғыз – ядролық қару. Өйткені ол – агрессор мемлекет. Өткен жолы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде анти-ядролық бағдарлама ұсынғанда, қарсы болған жалғыз – Ресей, жалғыз – Лавров, дәлірек айтсақ, Лавровқа айтқызған – Путин болды.
Лавровтың жаңағы айтқанына қайта оралайық. Сөйтіп, Астанада ОА Басшылары оңаша кездесіп жатқанына Кремль бұлқан-талқан болып жатқан көрінеді.
Айтпақшы, 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан президенті Назарбаев АҚШ-қа сапарлап барғанын білесіздер. Ақ үйде Трамппен кездесіп, «С5+1» форматындағы жиын жайлы сөз еткен. Сол кезде де қызыл үйдегі қызарабөрткен біреу «бұл сіздер айтқандай экономикалық одақ емес, саяси ұйым болатын болса, онда қай тарапқа болмасын жақсылық әкелмейді» деп сес көрсеткен сыңай танытқан-тын.
Бұл жолы тағы да бейсауат сөз айтыпты. 27 жыл. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекет. Мемлекетті құрушы ұлты – қазақ. Рәміздері бар. Президенті бар. Сол секілді Сыртқы істер министрі де бар. Ол – Қайрат Әбдірахманов. Біздің көкейіміздегі жалқы сұрақ мынау: Қайрат мырза, Қазақстан Тәуелсіз бола тұра, сыртқы саясат жүргізі үшін әлдекімдердер рұқсат алуы керек пе?
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Дереккөз: Abai.kz
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024