2024 жылдың 2 желтоқсанында Тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойы құрметіне «Биология және биотехнология» факультетінің профессор-оқытушылары: биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.И.Измуханова, биология ғылымдарының кандидаты, доцент М.С. Кулбаева мен заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары: заң ғылымдарының кандидаты Р.Б. Тапалова, аға оқытушы С.Ш. Даубасова «Криминалистикадағы биология мен биотехнологияның заманауи бағыттары: магистранттар үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында кәсіптік білім беру сипатындағы дәріс өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты – ҚР Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ сот сараптамасы саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен әдістемелерді магистранттар мен студенттерге жеткізу болды. Дәріс барысында биология мен биотехнологияның криминалистика саласындағы қолданылу аясы кеңейіп, зерттеулер мен әдістемелердің заманауи жаңалықтары талқыланды. Дәріс тыңдаушыларына сот сараптамасының маңыздылығы мен оның заң саласындағы рөлі түсіндірілді.
Биология мен биотехнологияның қазіргі заманғы жетістіктері криминалистика саласында жаңа ғылыми әдістемелерді жасауға және енгізуге мүмкіндік береді. Сот сараптамасы арқылы жасалған зерттеулер тергеу мен сот ісін жүргізуде аса маңызды рөл атқарады. Дәріс барысында сараптамалық зерттеулердің теориялық және әдістемелік негіздері, жаңа ғылыми жетістіктер мен қазіргі заманғы технологиялар туралы айтылды. Сот сараптамасының қазіргі заманғы тәсілдері мен әдістері студенттерге тергеу жұмыстарын тиімді жүргізуге, жаңа әдістемелер мен ғылыми зерттеулерді енгізуге мүмкіндік береді.
Кәсіби мамандарды даярлау және жаңа мүмкіндіктер. Бұл дәрістің бірегейлігі – заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында 7M04224 Сот сараптамасы магистратурасына деген қызығушылықтың артуы. Дәріс барысында тыңдаушыларға қазіргі таңда жоғары білікті сот сарапшы-мамандарын даярлаудың қажеттілігі, сондай-ақ осы салада жаңа мүмкіндіктер мен сұраныстар туралы кеңінен айтылды. Бұл магистратура бағдарламасы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы № 306 бұйрығына сәйкес сараптамалық мамандандыру бойынша біліктілік талаптарына негізделген.
Қорытындылай келе, дәріс тыңдаушыларына кәсіби жолды таңдау кезінде интроспекция, зерттеу және адамның қызығушылықтары мен дағдыларына сәйкес мансапты жалғастыру туралы саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. «Сот сараптамасы» саласы – әрқашан сұранысқа ие мамандық болып табылады. Бұл саладағы мамандар цифрландыру және автоматтандыруға қарамастан сұранысқа ие болады, себебі құқық қорғау саласындағы қызметтерді автоматтандыру өте қиын. Құқықтық тәртіпті қорғауға қатысты көптеген жұмыс орындары барлық деңгейдегі қалаларда бар және бұл мамандықтар үнемі өзектілігін сақтайды.
Осы орайда, дәріс барысында айтылғандай, «Сот сараптамасы» саласы өзіне тұрақты жұмыс табуды қаласаңыз, тиімді таңдау болады. Бұл сала қоғамға қажетті қызметтерді ұсынып, әрқашан өз мамандарын күтеді.
Бұл шара ҚазҰУ студенттеріне жаңа білімдер мен мүмкіндіктер ашып, олардың кәсіби және жеке дамуына зор әсерін тигізді.
С.Ш. Даубасова, Г.И. Измуханова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары
-
25.01.2025
-
25.01.2025
-
25.01.2025
-
25.01.2025
-
25.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025