Мұнайлы аудандық сотының және апелляциялық сатының шешімімен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалына 1 000 айлық есептік көрсеткіш (яғни 3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) баспасөз қызметі.
«БҚДА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалына қатысты тергеу жүргізді. Мұнайлы аудандық сотының және апелляциялық сатының шешімімен филиал 1 000 АЕК көлемінде айыппұлға тартылып, айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді», — делінген хабарламада.
Тергеу нәтижесінде анықталғандай, дәнекерлеу-монтаж жұмыстарының көлемін бөлуде филиал жекелеген ұйымдарға басымдық берген. Бұл өз кезегінде техникалық шарт алушылардың таңдау құқығын шектеген.