arasha.kz

Ә. Қосанов: Көңілдеріңіз қалғанын түсінемін, бірақ менің позициям көңілдерінен шығатын басқалар келеді

10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Әміржан Қосанов баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер мен сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

-«Бұрын біз 16% туралы армандай да алмайтынбыз. Бұл жаңа кезең, бізге легитимді болуға мүмкіндік. Иә, бұл радикалдардың көңілінен шықпайды, центристерді де қанағаттандырмайды… Егер биліктің өзі 1,5 миллионды (мен үшін дауыс берген) мойындаса. Көңілдеріңіз қалғанын түсінемін, бірақ менің позициям көңілдерінен шығатын басқалар келеді, – деді Ә. Қосанов.

Қазақстан президенттігінен үміткер болған саясаткер Әміржан Қосанов саясаттағы қызметін жалғастыра беретіндігін айтты. Оның айтуынша сайлау кезінде өзінің сайлау алды штабы ешқандай заң бұзушылық тіркемеді.

-«Бізге кадрлары дайын емес жерде жұмыс істегеніміз әсер етті, сондықтан бізді сенімді айғақ пен дәлелдеріміз жоқ. Ол жерде әкімшілік ресурсы бар адамдар жай отырмайды ғой. Сондықтан қазір біздің қолымызда жүйелі бұрмалауды дәлелдейтін айғақ жоқ. Бұл біздің штабтарымыздың кемшілігі», -деді Ә. Қосанов.

Еске сала кетейік, Ә. Қосанов 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлауы кезінде халықтың 16,2 % дауысын жинаған. Ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 % дауыспен қайта ел президенті атанды.

ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетті

Exit mobile version