27-02-19 |
2830 рет қаралған
Президент көп балалы отбасыларға жалға берілетін үй салуды тапсырды.
Президент көп балалы отбасыларға жалға берілетін үй салуды тапсырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев  «Нұр Отан» партиясының XVIII кезекті съезінде көп балалы отбасыларға жалға берілетін үй салуды үкіметке тапсырды.

«Баспанамен қамту, білім және денсаулық сақтау жұмыстарын арттыру керек. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларға арнап 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды ұкіметке тапсырамын. Осы мақсатта алдағы жеті жылда қосымша 50 миллиард теңге жыл сайын бөлінетін болады. Сонымен қатар жартылай және көп балалы отбасыларға, мүгедек баласы бар, табысы аз отбасыларға қолжетімді баспана алудың мүмкіндігін арттыру керек.  Бұл категориядағы азаматтарға «Жилстройсбербанк» жүйесі арқылы 2-3 пайыздық баспана займы арқылы   льготты механизм жасап шығаруға тапсырамын. Бірақ бұл үшін ЖССБ-қа ақша керек, сондықтан жыл сайын 50 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», – деді Н. Назарбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.