arasha.kz

Су жаңа депутат 20 мың теңгеге қалай баланы асырауға болатынын айтты

Фото: планета предпринимателейЮКО

Фото: планета предпринимателейЮКО

13 ақпанда ғана мәжіліс депутаты болып сайланған бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев журналистерге 20 мың теңгеге бір баланы қалай бағуға болатындығын айтты.

Бұл туралы жазған total.kz айтуынша мәжілісмен: «Үнемдесе жетеді деп ойлаймын. Бұл жеткілікті сомма деп есептеймін», -деген.

Ал бес баланың әкесі Нұржан Әлтаевтің өзі 20 мың теңгені қалай жеткізуге болатындығын түсіндіріп бере алмады:

«Бұл менің әйеліме қойылатын сұрақ. Оған күнделікті осы іспен айналысуға тура келеді. Балаларға қажетті заттар алатын сол. Табыс табушы мен екенім белгілі», – деді депутат.

Exit mobile version