13-02-19 |
23200 рет қаралған
Су жаңа депутат 20 мың теңгеге қалай баланы асырауға болатынын айтты.
Су жаңа депутат 20 мың теңгеге қалай баланы асырауға болатынын айтты

13 ақпанда ғана мәжіліс депутаты болып сайланған бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев журналистерге 20 мың теңгеге бір баланы қалай бағуға болатындығын айтты.

Бұл туралы жазған total.kz айтуынша мәжілісмен: «Үнемдесе жетеді деп ойлаймын. Бұл жеткілікті сомма деп есептеймін», -деген.

Ал бес баланың әкесі Нұржан Әлтаевтің өзі 20 мың теңгені қалай жеткізуге болатындығын түсіндіріп бере алмады:

«Бұл менің әйеліме қойылатын сұрақ. Оған күнделікті осы іспен айналысуға тура келеді. Балаларға қажетті заттар алатын сол. Табыс табушы мен екенім белгілі», – деді депутат.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.