arasha.kz

Блогердің жазбасы оқулыққа еніп кеткен

Еліміздегі оқулықтардың сапасына қатысты мәселелердің айтылып келе жатқанына да қаншама жыл болды. Қанша министр, қанша лауазымды тұлға ауысса да бір түйін шешілер емес, керісінше шырмалып, проблема үсті-үстіне жамалып жатыр. Оқу орындарында оқулықтардың жетіспеуі былай тұрсын, кітаптардың мазмұны күннен күнге төмендеп барады. Соның біріне дәлел блогер Өркен Кенжебектің алты жыл бұрын жеке парақшасына жазған жазбасы Жоғары Оқу Орындарына арналған оқулық бетіне шығып кеткендігі болар.

«Осыдан кейін пост жазып, стори түсіруімді қоя салсам да болатын шығар, ә? Бірақ, келер жылы шығатын оқулықтарға да контент даярлауым керек қой, құрысын, тағы жазайын» деп блогердің өзі мысқылдапты.

Exit mobile version