12-12-19 |
1340 рет қаралған
Блогердің жазбасы оқулыққа еніп кеткен.
Блогердің жазбасы оқулыққа еніп кеткен

Еліміздегі оқулықтардың сапасына қатысты мәселелердің айтылып келе жатқанына да қаншама жыл болды. Қанша министр, қанша лауазымды тұлға ауысса да бір түйін шешілер емес, керісінше шырмалып, проблема үсті-үстіне жамалып жатыр. Оқу орындарында оқулықтардың жетіспеуі былай тұрсын, кітаптардың мазмұны күннен күнге төмендеп барады. Соның біріне дәлел блогер Өркен Кенжебектің алты жыл бұрын жеке парақшасына жазған жазбасы Жоғары Оқу Орындарына арналған оқулық бетіне шығып кеткендігі болар.

«Осыдан кейін пост жазып, стори түсіруімді қоя салсам да болатын шығар, ә? Бірақ, келер жылы шығатын оқулықтарға да контент даярлауым керек қой, құрысын, тағы жазайын» деп блогердің өзі мысқылдапты.

View this post on Instagram

📕 Сол жағынан қарасаң, бұл – білім саласындағы солақай талаптың салдары, талаптың түсуі, бірдеңенің өсуі деп пе былдырауға болар еді. Оң жағынан қарасаң, қандай блоггердің алты жыл бұрын жазған шимайы қай оқулықтың бетіне шығып жатыр?) Өткенде әріптесім жіберген осы фотоны. Оның құрбысы Астанадағы университеттердің бірінде қазақ тілінің B2 деңгейін оқытуға арналған кітаппен сабақ береді екен. Осыдан кейін пост жазып, стори түсіруімді қоя салсам да болатын шығар, ә? Бірақ, келер жылы шығатын оқулықтарға да контент даярлауым керек қой, құрысын, тағы жазайын)

A post shared by Orken KENZHEBEK (@orkeni) on

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.