07-09-21 |
3450 рет қаралған
Оралда кварц шамы қосулы сыныпта оқушылардың көзі күйіп қалған.
Оралда кварц шамы қосулы сыныпта оқушылардың көзі  күйіп қалған

Оралда №3 орта мектептің 10 оқушысы сабақ кезінде кварцқа көздерін күйдіріп алды. 

№3 орта мектептің директоры Любовь Юшинаның сөзінше, 4 қыркүйек күні алтыншы сынып оқушылары кварц шамы қосылған сыныпта сабақ өткен. Балалар көзінің күйіп қалуына шағымданады.

«Қазіргі уақытта бұл оқиға тексерілуде. Барлық мән-жайлар тексерілуде. Педагогикалық ұжымның, медицина қызметкерлерінің, мектеп директорының орынбасары мен мектеп директорының қызметі тексерілуде. Өкінішке қарай, бес минут ішінде оқушылар мұғалімдердің назарынан тыс қалды. Олар үзіліс кезінше шамды өздері қосқан деген ақпарат та қаралып жатыр», – деді Любовь Юшина.

Денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекке тек 10 оқушы жүгінгенін баса айтты.

«Сегіз ата-ана мен олардың балалары облыстық көпсалалы аурухананың травматологиялық бөліміне жүгінді. Жедел желі арқылы екі қоңырау шалынды. 10 мектеп оқушысы жарақат алды. Олардың барлығын тексерді. Диагноз – электрофтальмия, мүйіз қабығының жеңіл күйігі. Балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.