Әр бала мемлекет болашағының іргесін қалаушы. Сондықтан бүлдіршіндерге қамқорлық көрсету жақсы істің төресі деп айтуға болады.
Жаңа оқу маусымы жақындаған тұста «Самұрық-Қазына» АҚ биыл бірінші сыныпқа аяқ басатын балаларға сыйлық тарату мақсатымен «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетуді бастады.
Жоба ел аумағындағы 12 мың баланы қамтымақ. Осы мақсатта бөлінген қаржы да аз емес, игі іске 185 миллион теңге бөлінді.
19 тамыздан бастап волонтерлар бүлдіршіндерге кеңсе заттары салынған сыйлық-қоржындарды үлестіре бастады.
Бұл іс 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Атаулы көмекті Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан мен Павлодар облысының, жаңадан құрылған Абай облысының жергілікті атқарушы органдары ұсынған тізім бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға береді.
Бірінші сыныпқа барғалы отырған балалар үшін бұл жақсылық білім алуға деген үлкен құлшынысты оятары күмәнсіз.
Аталған акция «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асып жатыр.
Қазақстандағы көптеген саланың дамуына қаржылай қолдау көрсетіп, ел имиджін қалыптастыруға еңбегі сіңген «Самұрық-Қазына» АҚ елдің әлеуметтік мәселелеріне бейжай қараған емес. Бұдан да басқа жақсы амалдарға себепкер болған ұжымның маңызды жобалары жетерлік.
Биыл маусымда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен, жастармен және әкімдік қызметкерлерімен кездесіп, күрделі мәселелердің шешу жолдарын талқылаған болатын.
Сол кезде де «Самұрық-Қазына» АҚ балаларға ерекше мән беретінін аңғартқан еді. Келешекте балалар үшін спорт кешендірін салып, денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымның дамуына қолдау беретінін көрсетті. Елдің ертеңі үшін ұжым алдағы уақытты іргелі істерді қолға алып, абыроймен атқаратыны даусыз.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024