Елордалық емханаларда пациенттерді қабылдауды сәйкестендіру – «Face ID» технологиясы бойынша тексеру немесе E-gov mobile арқылы 6 таңбалы нөмірді растау бойынша цифрлық тетіктерді енгізу арқылы пилоттық жоба іске қосылды.
Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жобаға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан қалалық ұйымдар да, жеке клиникалар да қатысады.
Осы жылдың соңына дейін пилоттық жоба Астанада өз нәтижесін береді, ал 1 қаңтардан бастап оны республика бойынша кезең-кезеңімен кеңейту жоспарлануда. Бұл қайта жазуды азайтатын тиімді құрал болады. Биометриялық сәйкестендіру жүйесі көрсетілетін қызметтерді нақты есепке алуды қамтамасыз етеді, бұл пациенттердің баруы туралы жалған есеп беруді мүмкін емес етеді, тиісінше, бюджет қаражатын да, сақтандырылған азаматтардың жарналарын да мақсатсыз пайдаланудың алдын алады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова атап өткендей, жаңашылдықтың негізгі мақсаты медициналық ақпараттық жүйелерге медициналық қызметтерді қосуды жою болып саналады.
«Астанадағы МСАК ұйымдарына бір жарым миллионнан астам адам тіркелген. Пациенттердің дербес деректерінің сақталу қауіпсіздігі үшін оларға қолжетімділігі бар барлық мүдделі тұлға жауапты болады. Айта кету керек, пациенттің тіркелген фотосуреті сәйкестендірілгеннен кейін автоматты түрде жойылады және медициналық ақпараттық жүйеде сақталмайды. Осыған байланысты пациенттердің деректерін тарату мүмкін болмайды», – деп түсіндірді ол.
Жоба барлық деңгейде медициналық көмек көрсетудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде пилоттық жоба Астананы цифрландыру аясында 47 ұйымды қамтыды. Пациенттер арасында ақпараттық науқанды өткізуді медициналық мекемелер ұйымдастырады.
Сондай-ақ, осы пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында медициналық ұйымдар пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастырды, мұнда мамандар барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде пилоттық бойынша түсініктемелерді және туындаған сұрақтарға жауаптарды беруге дайын.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024