14-05-24 |
5230 рет қаралған
Жүйкеңізді сақтаңыз.
Жүйкеңізді сақтаңыз

Жүйкемізді жұқартатын өзіміз. Болмашыға ашуланамыз немесе жүйкеге салмақ түсіріп, мұңайып, қайғырып, түңіліп, өкініп, аһ ұратынымыз бар. Адам болған соң ондай болып тұрады. Бірақ жиілетпеу керек. Мамандыққа немесе отбасыңа, айналаңа да байланысты. Тұқым қуалайтын жүйке ауруы да бар. Бірақ ол өте сирек болады.

Мәселен Алматыдағы ҚР Президентінің Іс басқармасының Медициналық Орталығына қарасты «Almaty Resort» шипажайына жыл сайын кем дегенде 2000 адам неврология патологиясы бойынша қаралады. Тек қаңтар мен наурыз аралығындағы үш айда 337 адам жүйке жүйесін қалпына келтіру курсынан өтіп, оңалып шыққан.

Бәріне бірдей ем қолданылмайды. Әр жеке тұлғаның ауруы толық зерттелген соң әрқайсысына жеке-жеке арнайы бағдарлама құрылып, ем-дом қолданылады. Аурудың деңгейі мен түріне байланысты құрылған шипажайдың оңалту бағдарламасы бойынша табиғатпен емдеу немесе терренкур тағайындалады. Өйткені таудың саф ауасы иммундық жүйедегі жасуша – фагоциттерді белсендіреді. Жүрек пен қан тамыры белсенді жұмыс істеген кезде иммуноглобин синтезі жоғарылап, дене мен мидың жұмысы нығаяды. Бұдан бөлек рефлексотерапия және артромат, бальнеоемдеу (әртүрлі ванна және емдеу душтары), электрмен емдеу, массаж, жылумен емдеу (балшық аппликациясы және фангопарафин) және жалпы денсаулықты жақсарту кешендері (галокамера, ингаляция, сутек коктейлі, фитотерапия, т.б) және минералды суды ішу (жергілікті қайнар су), сонымен қатар көрсетілім бойынша медикамонтозды емделуге болады. Қажет болса, психологтан кеңес аласыз.

«Жалпы жүйке ауруы адамның жасы мен жынысына емес, өмір сүру дағдысы мен жаман әдеттеріне байланысты болады. Сондықтан не істеп, не қойып жүргеніңізге көбірек мән беріңіз. Алдын алыңыз», – дейді осы салада 40 жылы бойы еңбек етіп келе жатқан невропатолог дәрігер Раушан Төлеуқажықызы.
Раушан Қажиева Семей Мемлекеттік медициналық инстутында оқыған. «Өзіме «Almaty Resort» шипажайында жұмыс істеген ұнайды», – дейді ол. Өйткені осында келіп демалатындар денсаулықтарын жақсартып, жүйке жүйесін қалпына келтіріп, риза болып қайтқандарына қарап, ләззат алады екен. «Халық біздің шипажайды «Денсаулық сарайы» деп бекер айтпайды. Себебі жүйкені қалпына келтіретін нәрсе: табиғат, таза ауа, минералды су, балшықпен емдеу және өз ісін білетін кәсіби дәрігер мамандар. Ал оның бәрі бізде бар!», – деп отыр невропатолог маманымыз Раушан ханым.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.