Бұған дейін қажылыққа апарамын деп 300 дей адамнан 250 млн теңге алып, 6 жылға сотталған «Кәусар травел» компаниясының басшысы осылай деді.
2022 жылы қаңтарда қажылық сапарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен 6 жылға бас бостандығынан айырылған Медет Мұратбайұлы сот залында жаңа мәлімдеме жасады.
Жаңа деп астын сызып көрсетуіміздің де өз себебі бар. Ол бұған дейін инстаграм парақшасында жариялаған видеосында былай деген еді.
Біздің шалыс басқан кездеріміз болды. Мойныма ауыр жүкті алған да шығармын, мүмкін. Бірақ оның бәрі еліміз үшін, жамағатымыз үшін жасалған дүние болды. Мейлінше көп адамды апарсақ, көп адамға қызмет жасасақ деген ой болды. Мүмкін, басқа тревэлдер бізді бәсекелес көрді ме? Көп әңгіме болды, әлі күнге дейін болып жатыр. Ол жердегі басты нәрсе бизнес емес, демалыс емес, құлышылық еді, – деді Медет Мұратбайұлы Instagram парақшасындағы видеосында.
Медет Мұратбайұлы 1996 жылы Шымкент қаласында туған. Банк алдындағы берешегі – 2 млн 161 мың теңге. 2021 жылдан бастап барлық есепшоты бұғатталған.
Ал ол бүгін тараған видеосында ақшаның барлығын экс-депутат Бекболат Тілеуханға бергенін айтты.
522 млн теңге, яғни компанияның тапқан табысы сол жерде Бекболат Тілеухан мырзаға берілді. 128 млн теңге менің қаражатым есебінде қалды… Ол кісімен кәсіпті бірге жүргіземіз, бірге жұмыс істейміз деген уәде берілген. Ол кісі, яғни құжаттандыру бойынша, басқа дүниелер бойынша уәде етеді. Себебі бізде мүфтият тарапынан лицензия алу, туризм басқармасына тіркелуге 100 млн теңге, яғни мүфтиятқа лицензия алу, 50 млн теңге туризмге тіркелуге – дейді Медет Мұратбайұлы.
Ол Бекболаттың беделін пайдаланбақ болып ақша бергенін айтады.
Бекболат Тілеухан беделді адам болғандықтан «барлығын өз мойныма аламын, сен тек өз кәсібіңмен айналыса бер» деген уәде береді. Қазір Бекболат Тілеухан мырзаның үстінен ҰҚК-ге арыз жазып отырмын. Шымкент қаласы полиция департаментіне, Пірезидент аппаратына, бәріне арыз жазып отырмын – деді ол.
Сотталушы Бекболат Тілеуханмен таныстығы 2022 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтты.
«Кәусар травел» компаниясы 2022 жылдың маусымынан бері жұмыс істеп келеді – деді ол.
Сот шешімімен 6 жылға бостандығынан айрылған «Каусар trevel» компаниясы басшысы өзіне тағылған айыпты мойындамаған болатын.
Сот барысында атушылы оқиғадан түскен ақшаны Бекболат Тілеуханға бергенін айтты.
Ал Бекболат Тілеухан соңғы үндеуінде бұл компанияға қатысы жоқтығына ант-су ішкен еді.
Құран ұстайын, «Каусар trevel-ге» қатысым жоқ, соқыр тиын алған емеспін! Өтірік айтсам Аллаһ жазамды берсін – деп ант берген-ді.
Ал заң бойынша: сот процессі барысын анықталған жаңа айғақ—жаңа қылмыстық іс қозғалуына негіз болады.
Arasha.kz
ФОТО: дереккөз
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
18.12.2024