13-10-23 |
2410 рет қаралған
Қазақ жырауларын «жын соққан» деген имам Ғұламалар кеңесіне мүше болды.
Қазақ жырауларын «жын соққан» деген имам Ғұламалар кеңесіне мүше болды

Кеше Астанада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXХІХ мәжілісінде белгілі дін қызметкері Арман Қуанышбаевтың кандидатурасы бірауыздан қабылданды.

Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми өкілі Ағабек Қоңырбайұлы жазды.

Мәжіліс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесіне жаңадан қабылданған Кентау қаласындағы «Балаби қари» қарилар дайындау орталығының директоры және РАНТ мүшесі Арман Баймұханұлын құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Арман Қуанышбаевтың Ғұламалар кеңесіне мүшелікке қабылдануы кеңес жұмысына жаңаша серпін береді деген сенімдемін. Дін қызметіндегі біліміңіз бен тәжірибеңіз қоғам сұранысына сай пәтуаларды қабылдауда септігін тигізетіні сөзсіз – деді Бас мүфти.

Ал осы Ғұламалар кеңесіне мүше болған Арман Қуанышбайұлы бір уағызында қазақтың Базар жырау, Қашаған жырау қатарлы әйгілі жырауларын жын соққан деп мәлімдеген болатын. Ол тіпті осы уағызында ақындарды да жынға теңейді.

Ол тағы бір уағызында шырақшыларды электириктерге теңеп, мазақ етеді.

ҚМДБ қасындағы Ғұламалар кеңесі жайлы Ағабек Қоңырбайұлы БАҚ-қа жариялаған бір мақаласында былай деп жазған болатын.

Осы тұрғыда, мұндай диалог пен ынтымақтастықтың институтының қатарына Ғұламалар кеңесін жатқызуға болады. Оның негізгі міндеттері де исламдық діни ілімнің өзекті мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету, әр түрлі мұсылмандық дәстүрлер арасында өзара қабысу жолдарын іздеу болып табылады. Ғұламалар кеңесі теориялық құжаттар әзірлеуде мұсылмандардың парасатты күштерін біріктіріп, орын алып отырған жағдайлар негізінде мұсылмандарға нақты әрі дұрыс баға беретін болады – дейді ҚМДБ өкілі.

Ал дәстүрлі дінді, ұлтымыздың салт-дәстүріне, ырым-жоралғыларына шектеу келтірмейтін ислам дінінде ҚМДБ жырауларды «жын соққан» деп отырған имамды қалайша Ғұламалар қатарына қосып отыр?

Arasha.kz

ФОТО: Ағабек Қоңырбайұлы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.