15-03-24 |
14680 рет қаралған
Әсіре діншілдердің киім киісі де ұлттық құндылықтарымызға ашық шабуыл.
Әсіре діншілдердің киім киісі де ұлттық құндылықтарымызға ашық шабуыл

Радикалды неофиттар халқымыздың салтында жоқ киім үлгілері арқылы да жат діни идеаларды қоғамға таңуға тырысып жүр. Бұл біздің дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл екені анық. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтты.

Біз бабаларымыздың сан мыңжылдық рухани бағдарына арқа сүйеуіміз керек. Еліміздің рухани дербестігін сақтап, оны нығайта түсеміз десек, түркі халықтарының көпшілігінің, соның ішінде қазақтардың дестүрлі діні – сунниттік бахыттағы ханафи мәзһабына ден қоюымыз қажет, деді президент өз сөзінде.

Дүниеге ақыл-парасатпен қарау және еркін ойлау секілді ханафизмге тән қасиеттер ислам өркниетінің қайта өрлеуіне жол ашты. Сондай-ақ біздің өңірде өнер-ғылымның өркендеуіне және Әл-Фараби сияқты ұлы ойшылдардың тарих сахнасына шығуына ықпал етті. Ислам дінінің Ұлы дала төрінде таралып, тамыр жаюына оран зор үлес қосхан, тюркі әлеміндегі сопылық илімнің негізін қалахан Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дері птеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе бойынша ең әуелі өз еліміздің және шетелдің ғалымдарын шақырып, арнайы симпозиум өткізу қажет.

«Осы орайда Ясауи кесенесіне қатысты көне жәдігер туралы айта кеткім келеді. Ислам әйгілі дін қайраткерлерінің бейіті міндетті түрде жапқышпен жабылады. Мәдинадағы Мұхаммед Пайғамбардың қабірі де осылай бүркелген. Бұл – Ислам өркениетінің дәстүрі. Ал қасиетті Түркістандағы Ясауи қабірінде көптен бері арнайы жапқыш жоқ. Талай заманнан келе жатқан көне жапқышты қалпына келтіру жұмысы біраз жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған. Мен құзырлы мемлекеттік органға осы құнды мұраны тезірек сапалы жөндеуден өткізіп, тарихи орнына қайтаруды тапсырамын»,-деді мемлекет басшысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.