06-07-18 |
3900 рет қаралған
АҚШ сауда палатасының өкілдері «Астана» ХҚО жұмыс істеуге ниетті.
АҚШ сауда палатасының өкілдері «Астана» ХҚО жұмыс істеуге ниетті

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Крол американдық бизнес «Астана» ХҚО үлкен қызығушылықпен қарайтынын хабарлады.

«Менің ойымша «Астана» ХҚО болашағы жарқын. Өңірде бұрын-соңды мұндай құрылым болмаған. Қазақстандық қаржы орталығында жұмыс жүйесі жақсы жолға қойылған. Сот, биржа саласындағы ең озық ойлар тартылған. АҚШ-тың NASDAQ биржасы «Астана» ХҚО бірлесіп жұмыс істеуі біз ұшін үлкен мақтаныш», – деді американ елшісі.

Оның айтуынша, «Астана» ХҚО ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ аясында аса ауқымды қаржылық ұйымға айналмақ.

«Американдық бизнесмендер «Астана» ХҚО туралы көбірек білгілері келеді. Тіпті біздің елшілікте жаңа қаржы орталығына қызығушылық танытқандар бар. Сондай-ақ АҚШ сауда палатасының өкілдері «Астана» ХҚО аясында жұмыс істеуге ниетті», – дейді Джордж Крол.

Бұл ретте ол қаржы нарығындағы бәсекелестік өте жоғары екенін айта келе, қазақстандық орталық өз қызметін жарнамалау мәселесіне баса мән беру керектігін ескертті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.