03-05-18 |
3450 рет қаралған
Астана экокономикалық форумы – экономикалық теңсіздіктен шығатын жол іздейді.
Астана экокономикалық форумы – экономикалық теңсіздіктен шығатын жол іздейді

Әлемде экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы айрықша байқалады деп отыр зерттеушілер. Oxfam деректері бойынша, 2016 жылдың басында планетаның 62 ең бай тұрғынының дәулеті әлем халқының кедей жартысының байлығымен теңесті. Ал алдағы 20 жылда ЭЫДҰ елдерінде технологияның дамуына байланысты жұмысшы күшке мұқтаждық едәуір азаятын болғандықтан, бұл елдерде жұмыссыздық белең алуы мүмкін деп Дүниежүзілік Банк баға береді. Осы және басқа да әлемдік өзгерістер біздің елімізді де жанамай өтуі мүмкін емес. Астана экономикалық форумы өзекті мәселелердің басын ашып, шешу жолдарын қарастырмақ.

Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк, сондай-ақ әлемдік экономикалық сараптамалық қауымдастықтың айтарлықтай бөлігі 2019 жылдан кейін әлемдік экономиканың өсу қарқынын төмендету үшін елеулі тәуекелдер болады деген пікіріге келді. Жаһандық экономикалық өсу қарқынын баяулататын негізгі факторлар: бұрын әлемдік экономиканың басты қозғауші күші болған дамушы елдердегі құрылымдық реформалардың болмауы; әлемнің өте ірі экономикалары арасында саудадағы дау-дамайға байланысты тәуекелдердің ұлғаюы (АҚШ, Еуроодақ және Қытай); қаржылық жағдайды қатаңдату және бүкіл әлемде геосаяси шиеленістің өсуі.

Соңғы онжылдықтарда дүниежүзі бойынша экономикалық теңсіздіктің өсуі байқалды. Ол әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде тіпті жеделдей түсті. Oxfam деректері бойынша, 2016 жылдың басында планетаның 62 ең бай тұрғынының дәулеті әлем халқының кедей жартысының байлығымен теңесті, және де 2010-2016 жж. ол байларда 44% -ға ($1,76 трлн) өсті, ал кедейлерде 41%-ға азайды ($1 трлн). 2015 жылдың басында Oxfam 2016 жылға қарай әлемдегі ең ауқатты адамдардың 1% -ның жинақталған дәулеті планетаның 99% қалған тұрғындарының жинақталған дәулетіне қарағанда алғаш рет артығырық болады деп бағалады.

Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша, таяудағы 20 жыл ішінде ЭЫДҰ елдеріндегі жұмыс орындарының 57% -ы автоматтандырылады. Бұған осы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жүйелері дайын емес. Сондықтан  ЭЫДҰ елдерінде жұмыс күшіне сұраныс күрт азаяды және бұл құрылымдық жұмыссыздықтың түбегейлі ұлғаюына әкеледі.

PWC компаниясының: «Әлем 2050 жылы. Ұзақ мерзімді болжам: 2050 жылға қарай әлемдік экономикалық тәртіп қалай өзгереді?» атты есебінде 2050 жылға дейінгі келешекте экономикалық өсудің ұзақ мерзімді үрдістерінің болжамдары ұсынылған. Аталмыш талдауға әлемдік ЖІӨ-нің 85%-на жуығын құрайтын әлемнің 32 ең ірі экономикалары кірді.

Әлемдік ЖІӨ өсуінің негізгі драйверлері бұрынғысынша ЭЫДҰ елдеріне кірмейтін елдер болып қала береді, бірақ таяудағы онжылдықта өсім қарқынының айырмашылығы айтарлықтай азаяды. Сонымен қатар, таяудағы 50 жылда әлемдік экономиканың құрылымында маңызды өзгерістер болады. Ұлттық саясатта аса таңқаларлық  маңызды өзгерістердің болмауы себебінен ғаламдық экономикалық өсуді әлсірететін тепе-теңсіздіктің күшеюі жалғасады.

ХВҚ теңсіздікті біздің заманымыздың ең ірі сын-тегеуріндерінің бірі деп санайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, жаһандану үдерісі жаһандануға бетбұрған елдерде табыстардың өсуіне ғана емес, сондай-ақ осы табыстардағы теңсіздіктің өсуіне де ықпал етті. Зерттеушілер үш құтылу рецептеріне: үдемелі салықты енгізу, оффшордағы (қазіргі кезде әлемдік ЖІӨ-нің 10% -нан астамы сақталады) табыс үстіндегіні жасыруға жол бермейтін қаржы активтерінің әлемдік тізілімін құру және білім беру мен жақсы ақы төленетін жұмыс орындарына бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету керектігіне көз жеткізген.

Қазақстан экономикасы әлем экономикасымен біртұтас. Елбасының жариялаған Қазақстанның үшінші жаңғыруы – Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа үлгісін құру, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін экономика салаларын технологиялық жаңарту жөніндегі жұмысының негізі ретінде қабылданды.

Жүйелік міндеттерді дәйекті орындау ұлттық экономиканы дамытудағы сапалы ілгерілеу негізін қалады. 2017 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ-нің өсуі 4% -ға жетті, бұл 2014-2016 жылдардағы орташа жылдық қарқыннан екі есе дерлік озық (2,2%).

Алайда сыртқы экономикалық ортаның әлеуетті әлсіреуі, банк секторындағы проблемалардың үдеуі және құрылымдық реформаларды тереңдету мүмкіндіктерінің жоғалуы Қазақстан үшін тәуекелдерге жатқызылуы мүмкін. Құрылымдық реформалар, оларды табысты іске асыру кезінде Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға және оның әлеуетін арттыруға көмектеседі. Ағымдағы реформалар (оның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде) экономикадағы мемлекеттің рөлін қысқартуға және гүлденген, қазіргі заманғы және инновациялық сатылатын мұнай емес сектордың дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

Экономикалық өсудің арқасында Республика азаматтарының өмір сүру сапасына қанағаттануы артты, ал табыстың біркелкі бөлінбеуі азайды (Джини коэффициенті 0,28-ға дейін төмендеді). Соңғы 20 жылда Қазақстан халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 39 есе өсті. Пайданың негізгі өсуі жалақы мен өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін кірістердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 25 жыл ішінде 15,6 есе азайды.

Жағдайдың жақсаруы көбінесе нарықтық табыстармен байланысты: штаттық жұмыс орындарын құру жеделдетілді, мұның арқасында  жұмыссыздық деңгейі төмендеді, ал еңбекақы саласындағы саясат кірістердің жаппай өсуіне ықпал етті.

Соған қарамастан өңірлер арасында, сондай-ақ қалалар мен ауылдық жерлер арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар сақталуда. Бірдей мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру үшін әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттыру қажет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.