16-11-18 |
2970 рет қаралған
Қазақстанда көліктердің тоқсан пайыздан астамы қайта тіркелген.
Қазақстанда көліктердің тоқсан пайыздан астамы қайта тіркелген

Соңғы үш жыл есебі бойынша өткен айда өте көп көлік тіркелген. Қазан айында қайтара тіркеуден өткендер саны 93% құрады.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, 2018 жылдың қазан айында техниканың барлық түрлері бойынша 112,895 бірлік тіркеуден өткен, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 13% артық. Жалпы алғанда, 2018 жылдың он айының қорытындысы бойынша полиция 987 452 нөмір (өткен жылмен салыстырғанда +138 406) шығарады, олардың көпшілігі жеңіл автомобильдер (872758), жүк көліктері – 54 195, тіркемелер – 24 879, шағын автобустар – 22 563, автобустар – 8 454 және мотоциклдер – 4 603.

Екінші нарықта қайта сату үшін 105 237 тіркеу жасалған, бұл барлық мәмілелердің 93,2% құрайды. Нарықта шамамен 40,3% 20 жастан асқан машиналар (45 578 бірлік). Жасы 10 жылдан 20 жылға дейінгі көлік құралдары – 30 150, 3 жылдан 10 жылға дейін – 27 347, 3 жылға дейінгі – 9 750 автомобиль тіркелген.

Он айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда техникалардың барлық түрлерінің 67 826 бірлігі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 224 данаға артық.

Жыл қорытындысы бойынша, жеңіл автокөліктер арасында бастапқы тіркеу саны бойынша Toyota көшбасшы болды – 12 064 дана. Екінші орында Lada – 11 091 автомобиль. Hyundai үшінші орынды иеленді – 6 936 тіркеу. Осы тізімдегі автокөліктерді жеке адамдар да, ресми дилерлер де негізінен жаңа күйінде әкелді. Toyota еліміздің ең ірі және маңызды аймақтарында: Алматы, Астана, Алматы облысы және Шымкент қалаларында табысты сатылуда. Басқа аймақтарда Лада басымдыққа ие.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.