Салтанат Рахымбекова, Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы ЗТБ басқарма төрайымы
– Ең бастысы – бұлар өте маңызды трендтер. Оның ішінде әрине, энергетикалық революцияның, қазіргі біздің кезеңде осы төртінші үлкен индустриялық революцияның, оның жүзге асырылуы өте маңызды. Енді біздің бағдарлама бойынша, жасыл экономика бойынша елуінші жылға дейін біздің жалпы энергия балансында елу пайыз энергия болуы керек, ол үшін міндетті түрде технологиялар дамуы керек, оның ішінде күн қондырғылары, жел қондырғылары болуы керек, сол арқылы дамыта отырып, сол энергияның құнын азайту керек. Энергия қолжетімді болатын болса, онда осы жарияланған жаңалықтардың бәрінің биік белестерін алуға болады. Екіншіден, әрине, цифрланлдыру. Бұл да өте маңызды тақырып, қазіргі кезеңді цифрландыруың кезеңі, соның ғасыры деп айтып жатырмыз. Оған жастарды бейімдеу керек, жастарды бейімдей отырып жалпы экономиканы цифрландыруға ауыстырғанда біздің бәсекелестігіміз артады. Тағы бір трендтің бірі – ақылды қалаларды дамыту. Өйткені қазір урбанизация көп, ауылдық жерлерден қалаға көбі көшіп жатыр. Әрине, көпшілік шоғырланған жерлерде, үлкен қалаларда ақылды қала болуы керек. Жылу, электр қуаты, басқа да инфрақұрылымдардың дамығаны керек. Біздің жасыл экономикаға, жасыл технологияға байланысты қазіргі заманда дамыған технологияларды тарта отырып, қалаларымызды ақылды қала жасау, оның ішінде цифрландыруды жүргізу, автоматтандыру, соның бәрі арқылы қаладағы тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге өзінің ықпалын тигізеді.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024