19-12-18 |
4110 рет қаралған
Ұлттық экономика министрі еуразиялық одақта ортақ валюта болуына қарсы.
Ұлттық экономика министрі еуразиялық одақта ортақ валюта болуына қарсы

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валютаның (электронды ақша) болуына қарсы.

– Біз қолдамаймыз. Бұл менің жеке және саяси адам ретіндегі ұстанымым. Ұлттық валютамыз әнұран, ту, елтаңба секілді Тәуелсіздік символы деп есептеймін. Біз оны әрқашан қорғап, сақтап, дамытуымыз керек, – деді Т.Сүлейменов.

Бұған дейін Ресейдегі ұлттық төлем кеңесі еуразиялық экономикалық одақ аясында электронды ақша енгізу бастамасын көтеріп, оны Ресей қаржы министрлігі қолдаған еді. Ұлттық экономика министрі ұлттық төлем кеңесінің көптеген бастамалары бар екенін, бірақ оның бәрі Ресейдің ресми ұсынысы емес екенін айтып, төлем кеңесінің бастамалары секілді дүниелерді Қазақстандағы қаржы ассосациялары да жасай алатынын айтқан.

Еуразиялық экономикалық одағы аясында ортақ ақша енгізу туралы өзге де материалдарды оқи отырыңыз:

Евразиялық одаққа ортақ валюта енуі мүмкін

Ортақ валюта: “Бұл Қазақстанда үлкен наразылық туғызады, тәуелсіздігінен айырылады”

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.