«Мен өз сөзімде қазіргі атқарып жатқан жұмыстарымыз жайында, сондай-ақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қалай дамығанымыз турасында атап өттім. Кеңес Одағында 15 республика болды, соның арасында Қазақстан 12-13-інші орындардың бірінде еді. Ресейден кейін екінші орында Украина тұрды. Алайда, бүгінде экономика, даму қарқыны бойынша екінші орында Қазақстан тұрғырланды. Әрине, тиісті қиындықтар да бар», – деп сөзін бастады Астанада өтіп жатқан Global Challenges Summit 2018 форумында президент Н.Назарбаев.
«Менің ойымша, қазақстандықтар, яғни біздер – оптимиспіз. 20 жыл толып отырған бұл жаңа қалада миллионнан астам адам өмір сүруде. Жалпы Қазақстандағы секілді осы қаладағы тұрғындардың орташа жасы – 32-де. Яғни біз болашаққа үлкен оптимизммен қараймыз. Орталық Азияда біздің экономиканың көлемі өзге мемлекеттерден артық. Біз осымен мақтанамыз», – деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында Елбасы Қазақстанда алдағы белестерді табысты еңсеретінін, осы орайда еліміз жаңа технологияларды игерген алпауыт мемлекеттердің қатарында болуға қауқарлы екендігін атап өтті.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024