Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімсіз пайдалану деректері анықталды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың мәліметінше, былтыр жоспар бойынша 64 жоба аяқталмай қалған.
«Бюджеттің шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, 2021 жылы елімізде 1,1 мың жаңа жоба басталған. Жобалардың 90 пайызы Ұлттық қор қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Ұлттық қор қаржатын жұмсау бекітілген тұжырымдамаға сай келмейді. Екіншіден, бұл бағыттағы қадамдар әлемдік экономиканың дамуы болжамына қарама-қайшы», – деді Н.Годунова Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті қарау кезінде.
Осы орайда ол Дүниежүзілік банктің ақпараты бойынша әлемдік экономиканың өсу қарқыны аса жоғары болмайтынын, сондай-ақ басқа да сыртқы факторлар еліміздің экономикасына әсер етуі мүмкін екенін айтты. Сондықтан Қазақстан Үкіметі бұл тәуекелдерге дайын болуы керек.
«Биыл бізді мұнай бағасының жоғары болуы құтқарып тұр. Алайда Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың біразын қазіргі қалыпты іс-шараларға бағыттаймыз», – деді Н.Годунова.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024