Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың соңғы айында еліміз бойынша үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер дерегін жариялады.
Мәселен, 2024 жылғы желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 мәміле тіркелген.
Оның ішінде:
жеке үйлер бойынша – 10 488
пәтерлер бойынша 39 558
2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда (39 421) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (9 911 – 19,8%) және Алматы (8 845 – 17,7%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 638 – 7,3%) көш бастап тұр.
Бір жылда (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 4,2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылы 7,9% жоғарылады.
-
10.01.2025
-
10.01.2025
-
10.01.2025
-
10.01.2025
-
10.01.2025
-
10.01.2025
-
10.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025