06-04-19 |
5400 рет қаралған
АЭС: Үкімет Ресейдің ұсынысына үн қатты.
АЭС: Үкімет Ресейдің ұсынысына үн қатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары барысында Ресей президенті В.Путин Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндігі туралы сөз қозғаған еді.

Путиннің ұсынысы қоғамды қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде наразылық байқалды. Іле энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев атом электрстанциясын салынуы ықтимал жердің белгіленіп қойғандығын айтты. Бұл АЭС-ке наразылықты күшейтіп жіберді. Сөйтіп, 4-сәуір күні энергетика министрлігі Қазақстанда АЭС-тің салынуына қатысты арнайы баспасөз мәлімдемесін таратты.

«Энергетика министрлігі еліміздің аумағында атом электр станциясын салу бойынша Ресей Федерациясы басшылығының ұсынысына байланысты мынаны хабарлайды» деп басталатын баспасөз мәлімдемесінде еліміздің оңтүстік аймағында 2030 жылға қарай қуат тапшылығы күтіліп отырғанын, сол үшін бу-газ, гидро және атом станцияларын салу сияқты әртүрлі отын және энергия көздерін пайдалана отырып тапшылықты жою көзделіп отырғаны айтылады.

«Егер қуат тапшылығын жою мақсатында АЭС-ті таңдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АЭС-ті салу туралы шешімді ҚР Үкіметі қоғамдық тыңдаулар жүргізіп, АЭС салынатын аумақтардың жергілікті өкілді органдардың келісімі бойынша қабылдайтын болады» делінген. Сондай-ақ, мәлімдемеде
5 елдің реакторлық технологияларды жеткізушілерімен, соның ішінде Росатом мемлекеттік компаниясымен, ақпарат алмасу жүргізіліп жатқаны да айтылады. Қорыта келіп, мәлімдемеде: «Осылайша, алдын ала даурығып, тұжырымдар жасауға және негізсіз алаңдауға себеп жоқ екенін хабарлаймыз» дейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.