arasha.kz

Алматы полициясы митингіге шығушылармен сөйлесуді үйренбек

фото: azattyq.org

фото: azattyq.org

Алматы полициясы митинг, акция, шеруге шыққан азаматтармен жұмыс істеуді үйренбек. Осы мақсатта ІІМ қолдауымен «Адам құқығы жөніндегі хартия» қоры полицейлерге үш күндік семинар өткізуді бастады. Онда полицияны митинг, шерулер кезінде қандай әдіс-тәсіл қолдануды, азаматтармен қалай қарым-қатынас жасауға үйретеді, кеңес береді. Семинарға тек полицейлер ғана емес, жергілікті мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық белсенділер, халықаралық сарапшылар қатыстады.

Елде соңғы кездері түрлі қоғадық-саяси мәселелерге көңілі толмайтын және оған қарсы азаматтардың акцияға шығу жиіледі. Мәселен, бірер аптадан бері Қытайдың Қазақстанда салынатын 55 зауытына және Қытай экспансиясына қарсы акциялар елдің бірнеше қаласында өтіп келеді. Әзірге полиция соңғы акцияларға шығушылардың ұстаған жоқ және оларға қатысты іс қозғалмады.

Exit mobile version