11-09-19 |
560 рет қаралған
Алматы полициясы митингіге шығушылармен сөйлесуді үйренбек.
Алматы полициясы митингіге шығушылармен сөйлесуді үйренбек

Алматы полициясы митинг, акция, шеруге шыққан азаматтармен жұмыс істеуді үйренбек. Осы мақсатта ІІМ қолдауымен «Адам құқығы жөніндегі хартия» қоры полицейлерге үш күндік семинар өткізуді бастады. Онда полицияны митинг, шерулер кезінде қандай әдіс-тәсіл қолдануды, азаматтармен қалай қарым-қатынас жасауға үйретеді, кеңес береді. Семинарға тек полицейлер ғана емес, жергілікті мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық белсенділер, халықаралық сарапшылар қатыстады.

  • Қазақстан азаматтары қарусыз, бейтіт түрде жиналып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, пикет өткізуге қақылы. Шетелде азаматтардың мұндай жиылысы полцицяның, жергілік биліктің бірлескен жұмысының арқасында бейбіт әрі тыныш өтеді. Және ондай жағдайларда жиылысқа қатысушылардың қауіпсіздігі қорғалып, конституциялық құқықтары мен еркіндіктері сақталады. Сөйтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтық қысқарады, – депті «Адам құқығы жөніндегі хартия» қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова.

Елде соңғы кездері түрлі қоғадық-саяси мәселелерге көңілі толмайтын және оған қарсы азаматтардың акцияға шығу жиіледі. Мәселен, бірер аптадан бері Қытайдың Қазақстанда салынатын 55 зауытына және Қытай экспансиясына қарсы акциялар елдің бірнеше қаласында өтіп келеді. Әзірге полиция соңғы акцияларға шығушылардың ұстаған жоқ және оларға қатысты іс қозғалмады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.