03-05-24 |
4600 рет қаралған
Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам өндіріс орнында көз жұмған.
Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам өндіріс орнында көз жұмған

Биыл 5 айда өндірісте барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапқан, деп жазды KAZINFORM

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы биыл бірінші тоқсанда 100-ден астам тексеру өткізді. Нәтижесінде 45 жұмыс берушіге ұсыныс беріліп, 10,5 млн теңге айыппұл салынды.

– Бес айда 31 жағдай тіркеліп, төртеуі өліммен аяқталды. Соған байланысты арнайы тексеру жүрізіліп, полицияға 30-дан астам материал жолданды. Мұндай жағдай көбіне тау-кен, мұнай өндіру саласында тіркеледі. Дегенмен былтырғыға қарағанда жазатайым оқиға азайды, – деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Әлімов.

Айта кетейік, былтыр 80 адам өндірістік жарақат алды. Онда 13 адам көз жұмды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.