Қалада 2021 жылдан бастап салынған су қорғау белдеулері мен гидротехникалық құрылыстарды қайта түгендеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматыда шаһар басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен өткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды.
Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, ол шаралар су қорғау белдеулері мен аймақтарының шекараларын анықтау үшін қажет. Бұл жұмыс 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.
Айта кетейік, Алматының су нысандары соңғы рет 2018 жылы түгенделді.