06-02-25 |
410 рет қаралған
Ақтөбе облысында автогаз бағасы қымбаттады.
Ақтөбе облысында автогаз бағасы қымбаттады

Жанажол вахталық кенті маңындағы тасжол бойындағы жанармай құю бекетінде газ бағасы 82 теңгеге дейін көтерілді.

Қазақстанда бензин, дизель отыны және автогаздың бөлшек бағасы ақпан айының басынан бастап қымбаттайтынын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеген. Сонымен қатар, тауарлық газ бен басқа да жанар-жағармай материалдарының бағасы да өседі деп күтілуде.

«Энергетика министрлігі 1 ақпаннан бастап сұйытылған газдың бағасын көтерді. Қазіргі уақытта шекті бағалар бекітілген. Біздің облыста автогаздың қаладағы құны – 77 теңге, ал облыс орталығынан 200 км-ден астам қашықтықтағы елді мекендерде – 82 теңге. Бағаларды нарықтық деңгейге жеткізу жоспарлануда. 1 ақпаннан бастап бізде АИ-92 маркалы реттелетін бензиннің шекті бағасы өзгерді, енді ол 205 теңге. Бірақ 5 ақпандағы жағдай бойынша, біздің жанармай құю бекеттері әлі де бұл межеден төмен бағаны ұстап тұр», – деді Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.