Біз
әлеуметтік
желіде
09-03-25 |
2410 рет қаралған
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы екі мыңнан астам банк шотын бұғаттады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы екі мыңнан астам банк шотын бұғаттады

Бұғаттаудың себебі – сотқа дейінгі тергеу.

7 наурыз, жұма күні Қазақстанның резиденттері мен резидент еместері шоттарының бұғатталғаны туралы хабарлама алды. Бұған Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) прокуратурасы жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу себеп болды.

BES.media мәліметінше, 2000-нан астам шотқа тыйым салынған. Олар қазақстандықтарға, сондай-ақ Ресей, Еуропа және Африка клиенттеріне тиесілі. Расталмаған ақпарат бойынша, тергеу заңсыз валюта айырбастау ісіне байланысты.

СҚО прокуратурасы шоттардың қылмыстық іс аясында 10 күнге бұғатталғанын растады. Тексеру нәтижесі бойынша бұл шектеулер алынып тасталуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.