20-08-19 |
690 рет қаралған
Бауыржан Байбек әл-Фарабидегі жылдамдықтың өзгеруіне орай ойын айтты.
Бауыржан Байбек әл-Фарабидегі жылдамдықтың өзгеруіне орай ойын айтты

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма жолы және Сайын көшелеріндегі жылдамдықты 60 тан 80-ге көтеруіне қатысты пікір білдірді, – деп жазады tengrinews.kz

«Кез келген мәселенің екі қыры бар әрі көп пікірлер бар. Оның үстіне бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қатысты болса, тіптен. Алматы адам өліміне әкеліп соғатын жол апаттары бойынша елде ғана емес, әлем бойынша алдыңға қатарда. Бұл рейтинг қаланың ғана емес, Қазақстанның да беделін түсіреді. Ең бастысы – мыңдаған қайғылы оқиға, ойрандалған өмір. Жылдамдықты төмендету дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алты басым бағыттарының бірі. Әрине, бұл атақ әкелетін іс емес. Біз шешім қабылдарда әлемдік тәжірбиеге, заманауи трендтерге сүйеніп, Алматыға ең озық дүниелерді енгіздік. Қауіпсіздік «Алматы-2020» бағдарламасының негізгі бағытының бірі. Менің «Нұр Отанға» ауысқаныма екі ай болды. Қазір қаланы әріптесім Бақытжан Сағынтаев басқарады. Шешімді қабылдайтын  – сол. Қоғамдық кеңес және мәслихат бар. Бұл жерде әлдебір кеңес айту артық» депті Б.Байбек.

әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма жолы және Сайын көшелеріндегі жылдамдықты сағатына 60 шақырым етуді экс-әкім Б.Байбек биыл қаңтардың 15-де енгізген еді. Ал жаңа әкім Б.Сағынтаев кеше аталған жолдардағы жылдамдықты сағатына 80 шақырымға қайта көтерді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.