06-10-24 |
2720 рет қаралған
Батыс Қазақстан облысының 104 жасар тұрғыны референдумда дауыс берді.
Батыс Қазақстан облысының 104 жасар тұрғыны референдумда дауыс берді

Батыс Қазақстан облысының ең қарт тұрғыны Нұрсұлу Тоқжанова референдумда өз дауысын берді. 104 жастағы қария Шыңғырлау ауылында тұрады.
Ғасырдан асқан Нұрсұлу әжейдің өтінішіне орай, №424 референдум учаскесінің мүшелері жылжымалы жәшікті оның үйіне алып барды. Нұрсұлу әжей әлі де тың, бүгін балаларын сайлау учаскелеріне жіберіп, өзі немере-шөберелерін бағып қалыпты. Қария Ұлы Отан соғысы кезінде ФЗУ-да оқып, Сталинград заводында жұмыс жасайды. Кейіннен Шыңғырлау ауданындағы Қарақай елдімекенінде ұзақ уақыт түйе сауушы болып еңбек етті. Бүгінде 3 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Көпті көрген кейуананың ендігі арманы – елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы.
-Талай сайлауларға қатысып жүрмін. Дауыс беру – әрбір елдің тұрғыны үшін маңызды. Біз дауыс беру арқылы болашағымызды таңдаймыз. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағы, ұрпағымыздың болашағы үшін ел Президентінің бастамасын қолдаймын,- дейді қария.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.