ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп жазды Dalanews.kz
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы, сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді. Қазір бұл мәселе сотта қаралып жатыр.
Оның ұлы Мәди Ермегияев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, істі қайта қарап, әкесін кешіруді сұрады. Адвокаттарының айтуынша, Ермегияев пара алмаған, ал іс қолдан ұйымдастырылған.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, бұрынғы туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев 2016 жылы аса ірі мөлшерде пара алғаны және аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін сотталды. Сот оны қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса сотталушының барлық мүлкі тәркіленді.