Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта еліміз бойынша 10 178 адамға іздеу салынған.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеу салынғандардың 2 098-і – хабар-ошарсыз жоғалғандар.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі :
Алматы қаласы – 278;
Қарағанды облысы-217;
Павлодар облысы-170;
Алматы облысы – 152 тіркелген.
Сонымен қатар:
үйден кетіп оралмаған – 1 572 адам;
автокөлікпен жоғалған – 73;
жұмыстан кетіп, қайтып оралмаған 38 адам іздеуде жүр.
Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).
«Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр», – делінген прокуратура хабарламасында.
Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:
Алматы қаласында (496);
Астана қаласында (183);
Шымкент қаласында (149);
Алматы (164);
Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.
Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.