07-03-24 |
10100 рет қаралған
Елімізде қанша әйел бар екені айтылды.
Елімізде қанша әйел бар екені айтылды

Статистика бюросы елімізде қанша әйел бар екені туралы мәліметті жариялады. Бюроның мәлімдеуінше, қазір елімізде 10 260 057 әйел бар.

Дәл осынша әйел, аяулы жар, ана мен қыз 8 наурыз мерекесінде шын жүректен шыққан құттықтауларды қабыл алатын болады!

Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% қалалық, 36,3% – ауылды жерлерде тұрады.

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі Алматы қаласында – 1 196 450, Түркістан  – 1 049 866 және Алматы – 766 092 облыстарында тұрады.

Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.