Статистика бюросы елімізде қанша әйел бар екені туралы мәліметті жариялады. Бюроның мәлімдеуінше, қазір елімізде 10 260 057 әйел бар.
Дәл осынша әйел, аяулы жар, ана мен қыз 8 наурыз мерекесінде шын жүректен шыққан құттықтауларды қабыл алатын болады!
Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% қалалық, 36,3% – ауылды жерлерде тұрады.
Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі Алматы қаласында – 1 196 450, Түркістан – 1 049 866 және Алматы – 766 092 облыстарында тұрады.
Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.