Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Дауров Хусей Шимарович биыл ақпан айында Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккендерге көмек жинау ісі жалғасып жатқанын хабарлады.
«Осы екі күн ішінде ақпандағы оқиғадан зардап шеккендерге көмектесуге қол ұшын созып, үлес қосқан баршаңызға рахмет! Маған ерекше әсер еткен – материалдық көмек бергендердің арасында біздің қазақ бауырлар да бар. Олар сол қақтығыс түні әйелдеріміз бен балаларымызды үйлеріне тығып, аман алып қалды. Олар келген бандиттер мен кісі өлтірушілерден біздің жігіттерді қорғады. Олар – біздің көршілеріміз – қазақтар шабуылдаған топты тоқтатпақ болды. Сондай-ақ шекарашылар біздің жүздеген адамдарымызды шекара бекетінде паналатты. Кейбір полицейлер біздің жараланған жігіттерді алып шығып, өмірін құтқарды. Қазақ бауырлар, үлкен рахмет! Мен сонау ақпан айында айтқам, бізді қырған қазақтар емес! Бізге шабуылдаған ұлтқа жатпайтын бандиттер мен кісі өлтірушілер. Олар ата-аналарын, шыққан тектерін жерге қаратты. Жетім мен жесірдің және қаза болғандардың аналарының қарғысы өмір бойы алдарынан шығады.
Жиналған көмек өте аз. Екі күнде біз қажетті көмектің он бөлігін ғана жинадық. Мен барша туыстарға, серіктестеріме, достарыма, кәсіпкерлер мен саудагерлерге және әр дүнгенге қайырылып отырмын. Баршаңыз ақпандағы оқиғадан зардап шеккендерге көмектесуге тиіссіздер! Әркім шамасы келген көмегін беріп, үлесін қосса.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024