16-02-24 |
9630 рет қаралған
Әкімдік жұмысшыларды сенбі күндері жаттығу жасауға мәжбүрлеген.
Әкімдік жұмысшыларды сенбі күндері жаттығу жасауға мәжбүрлеген

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жұмысшыларды әр сенбіде жаттығу жасауға жәжбүрлеген. Қызметкерлерден келіп түскен арызды журнилист Михайл Козочков өзінің телеграм каналында бөлісті.

Онда қоғамдық даму, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, тілді дамыту, туризм мен спорт саласына жауапты Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев ақпан айынан бастап жұмысшыларды әр сенбіде таң атпай жаттығу жасауға келуге мәжбүрлеп жатқаны айтылады.

«Әркімнің өз отбасы бар, сенбі күні өз жұмысымызды атқарғымыз келеді. Біз басшылыққа жағдайымызды түсіндіруге тырысқанбыз, бірақ «шықпасаңдар жұмыстан кетіңдер, бұйрықтың аты бұйрық» деп жауап берді. Басшылықты да түсінуге болады, олар бұйрықты орындамаса қысым жасалады. Михайл, бұл бассыздықты тоқтатуға көмектесіңізші. Біздің құқығымыз тапталып жатыр», – делінген қызметкерлер жазған хатта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.