Біз
әлеуметтік
желіде
29-04-25 |
70 рет қаралған
Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді.
Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Жол картасының аясындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі Жобалық офис отырысын өткізді.

Мердігерді ЕРС-келісімшарт арқылы іріктеу механизмдері, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу нормалары талқыланды. Конкурстық рәсімдер жүргізілетін бірыңғай электрондық платформа әзірленуде.

Бұдан бөлек, Ұлттық жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 19 жобасын қамтиды.

 Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев бірқатар мемлекеттік органдарға бюрократиялық рәсімдерді қысқартуды және осы жылдың жазында пилоттық жобаларды іске қосу үшін тапсырмаларды орындау қарқынын арттыруды тапсырды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.