Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағын дамытуға қомақты қаржы құйды – енді зымыран ұшырудан табыс табатын уақыт келді. Мәжіліс осындай ұстанымды білдірді.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың айтуынша, Қазақстан ғарыш айлағын дамытуға шамамен 100 миллиард теңге жұмсаған. Енді ел әрбір зымыран ұшырудан табыс алуды жоспарлап отыр. Бұл қаржы Ресейден алынатын жалдау ақысынан бөлек, мемлекеттік қазынаға түсуі тиіс.
– Қазақстан Байқоңырды дамытуға өз қаражатын салып жатыр. Енді зымырандар ұшырылғанда, жалдау ақысынан бөлек, белгілі бір қаржылық үлесі болады. Қазір Қазақстан қанша пайда алатынын нақтылап жатырмыз. Меніңше, бұл пайда айтарлықтай болуы керек, – деді Сайыров.
Ол Ресейдің қазіргі таңда Байқоңырды пайдаланудан бас тарта алмайтынын, өйткені әлемде ондай техникалық мүмкіндіктердің жоқ екенін де атап өтті.