Сенатта «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға түзетулер талқыланып жатыр. Онда адамның бетін тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салу қарастырылған.
Бұл туралы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында хабарланды.
Тыйым салынуы мүмкін киімдер қатарына маскалар, балаклавалар және бетті жабатын киім элементтері кіреді.
Алайда кейбір ерекшеліктер бар. Мұндай киімді медициналық себептерге байланысты, қызметтік міндеттерді орындау кезінде, спорттық және мәдени шараларға қатысу барысында (және басқа да жағдайларда) киюге рұқсат етіледі.
Кадрда неге Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи көрсетілген? Контекст ұқсас. Бет-жүзді жабатын діни киімге тыйым салу — Бәпидің басты бастамаларының бірі. Депутат осындай ұсыныс жасаған болатын.