Біз
әлеуметтік
желіде
06-06-25 |
240 рет қаралған
Қазақстанда экологиялық апат болуы мүмкін – эколог Мэлс Елеусизов.
Қазақстанда экологиялық апат болуы мүмкін – эколог Мэлс Елеусизов

5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында экологтар елімізде экологиялық апат қаупі барын мәлімдеді. Эколог, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтың айтуынша, Сорбұлақ көлінің жарылу қаупі жоғары.

– Мен бұл мәселені 35 жылдан бері айтып келемін. Институттар менің сөзімді растады. Егер Сорбұлақ жарылса, 1,5 аудан жер бетінен жойылады, Балқаш ауданы түгел, Іле ауданының бір бөлігі, Балқаш қаласының жартысы лай астында қалады. Ол жерде миллиард текше метр су бар, сел болған жағдайда бұл көлем 55 миллиардқа жетеді – бұл төрт Капшағай су қоймасына тең. Мұның алдын алу үшін қамыс отырғызу мен лазерлік тазарту әдісін ұсынып келемін, – деді эколог.

Экологтар көлдің маңындағы сейсмикалық жағдай мен апат салдарын зерттеу қажет екенін айтып, билікке бірнеше рет ұсыныс білдірген. Сорбұлақ бөгеттерінің жарылу қаупі 2019 және 2024 жылдары да көтерілген. Бұл қауіп Алматы маңындағы бірнеше елді мекенге төнуі мүмкін.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.