Браконьерлер шабуылынан соң қайтыс болған қорықшы Ерлан Нұрғалиев және серіктесі қорықшы Петр Ницык «Ерлігі үшін» мемлекеттік медаліне ұсынылды.
«Біз Ерлан Балғабекұлы Нұрғалиевті және Петр Алексеевич Ницыкты қызмет барысында көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медаліне ұсындық, – деді ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев. Оның айтуынша, министрлік ұжымы Ерлан Нұрғалиевтың отбасына бір күндік жалақыларын аударады. Ол 4 миллионға жуық теңге.