18-01-19 |
4390 рет қаралған
Қорықшылар Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылды.
Қорықшылар Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылды

Браконьерлер шабуылынан соң қайтыс болған қорықшы Ерлан Нұрғалиев және серіктесі қорықшы Петр Ницык «Ерлігі үшін» мемлекеттік медаліне ұсынылды. 

«Біз Ерлан Балғабекұлы Нұрғалиевті және Петр Алексеевич Ницыкты қызмет барысында көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медаліне ұсындық, – деді ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев. Оның айтуынша, министрлік ұжымы Ерлан Нұрғалиевтың отбасына бір күндік жалақыларын аударады. Ол 4 миллионға жуық теңге. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.