Қазақстанда Тұңғыш Президент – Елбасы атымен аталатын Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгеруі мүмкін.
Атауды өзгерту туралы бастаманы Қазақстан Қорғаныс министрлігі көтерген. Тиісті түзетулер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Егер бұл өзгерістер мақұлданса, университеттің жаңа атауы — «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті» болады.
Айта кетейік, құжат 18 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.