Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды елге жеткізді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді», – делінген ақпаратта.
Ауғанстанды тәліптер басып алғаннан кейін ондағы қазақтар Қазақстаннан елге алып кетуін сұрап көмек сұраған еді.