18-08-21 |
520 рет қаралған
Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды елге жеткізді.
Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды елге жеткізді

​Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды елге жеткізді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді», – делінген ақпаратта.

Ауғанстанды тәліптер басып алғаннан кейін ондағы қазақтар Қазақстаннан елге алып кетуін сұрап көмек сұраған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.